Ташкентте өтетін арнаулы жұмыс тобының отырысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің транзиттік әлеуетінің дамуы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте өтетін арнаулы жұмыс тобының отырысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің транзиттік әлеуетінің дамуы талқыланады

Ташкентте өтетін арнаулы жұмыс тобының отырысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің транзиттік әлеуетінің дамуы талқыланады

АСТАНА. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі арнаулы жұмыс тобының үшінші отырысы 21-тамызда Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Тамыз 2006
  • 357
Фото - Caravan.kz



Алдағы шараның барысында күн тәртібіне сәйкес кезек күттірмес жобаларды айқындау, бекітілген шаралар жоспарына сәйкес кезек күттірмес «пилотты» жобаларды жүзеге асыру шаралары қарастырылады.

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері халықаралық автокөлік тасымалына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасы мен арнаулы жұмыс тобының 2006-жылдың екінші жартысы мен келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылайды.

Перейти к новостям спорта