Бұл туралы Өзбекстанның бас санитарлық инспекторы Нурмат Отабеков мәлімдеді Caravan.kz порталы centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, босанған әйелдің бірі COVID-19 вирусын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан перзентхана 14 тәулікке жабылған.
Наурыздың ортасында Ташкент қалалық клиникалық аурухана да карантинге жабылған.
Ақпаратқа қарағанда, емделуші Түркияға барып келгенін жасырған. Одан сынама алғанда, коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Өзбекстанда 10 сәуір, сағат 10.00-ге дейінгі мәлімет бойынша, 624 адамнан коронавирус анықталған.