Ташкентте Қазақ-Өзбек шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте Қазақ-Өзбек шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісі басталды

Ташкентте Қазақ-Өзбек шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісі басталды

Тамыздың 6-10 күндері Ташкентте Қазақ-Өзбек шекарасын демаркациялау мәселесі бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтеді,- деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 6 Тамыз 2003
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның үкіметтік өкілдерін ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов басқаруда. Ал Оңтүстік Қазақстан облысынан облыс әкімі аппаратының бөлім бастығы Бексейіт Дүйсебаев, жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитет төрағасының орынбасары Самат Сәрсенов пен Сарыағаш ауданының өкілдері қатысуда.

Комиссия екі мемлекет арасындағы шекара бағандары орнатылатын демаркациялық сызықты жергілікті жерлерде айқындауы тиіс.
«Бұл орайда екі мемлекет арасында тікенді сым тарту туралы сөз қозғалып отырған жоқ, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес барлық мемлекеттер шекара сызығын бағана арқылы белгілейді»,- дейді Б.Дүйсебаев.
Кейбір жерлерде мемлекетаралық келісім бойынша бекітілген шекара сызығы тікелей елді мекендер арқылы өтетіндіктен ондағы демаркациялау жұмыстары қиындық тудырмақ. Сондықтан комиссия жұмысына жергілікті жерлерде қолайлы жағдай жасау үшін олармен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірге жүреді.

Соңғы жаңалықтар