Отырыста Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері мен мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар, сондай-ақ, халықаралық лаңкестікпен күресте олардың мүддесін қорғау туралы талқыланады деп күтілуде.
Кездесуде Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, халықаралық лаңкестік ұйымдардың мүшелерін, оларды дайындайтын базаларды, қаржыландыру арналарын әшкерелеу және олардың іс-қызметіне тосқауыл қою шаралары дәйектеледі.
Сондай-ақ, есірткі, қару-жарақ және жарылғыш заттардың айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелері де отырыстың күн тәртібіне енгізілген. Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерде өндірілген қару-жарақ пен жарылғыш заттарды ақпараттық мақсатта таңбалаудың біртұтас жүйесін құруға қатысты ұсыныстар сарапқа салынады деп межеленген.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесулерін өткізу тәртібін бекітеді. Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен.