Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысы ашылды

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысы ашылды

Бүгін, 30-наурызда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық антитеррорлық құрылымы кеңесінің отырысы ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-інен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2005
  • 641
Фото - Caravan.kz

Кеңестің жұмыс бағдарламасына аймақтық антитеррорлық құрылымының жұмыс құжаттарының жобасын қарау, лаңкестік және экстремизммен күрес бойынша ортақ ұстанымды айқындау, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының 2005-жылғы шілде айында Астанада өтетін саммитінде қаралуы тиіс құжаттар топтамасын әзірлеу енгізілген. Сондай-ақ аймақтағы жалпы ахуал мен ұйымға мүше-елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлер туралы талқыланады. Кеңеске ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко төрағалық жасайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан кіреді.

Перейти к новостям спорта