Саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қытай басшысы — Ху Цзиньтао, Қырғызстан президенті — Асқар Ақаев, Ресей президенті — Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтар қатысады. Сонымен қатар, кеңес мәжілісіне Ауғанстанның уақытша әкімшілігінің жетекшісі Хамид Карзай мен Монғолия өкілдері мейман ретінде қатыспақшы.
Ташкент бас қосуы барысында осынау халықаралық ұйымның іс-қызметіне қатысты кейбір мәселелер мен өзекті әлемдік проблемалар талқыланады. Кеңес бас қосуының қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылады дп күтілуде.
Кездесу аясында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары ұйымның аймақтық антитеррорлық құрылымының ресми ашылу салтанатына қатысады. Бірқатар екі жақты кездесулер өткізіледі деп күтілуде.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен.