Ташкентте тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

Ташкентте тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

Өзбекстандағы Қазақ мәдениет ұлттық орталығы және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 27-29 қаңтар аралығында Ташкент қаласында тоғызқұмалақтан жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық жарыс өз мәресіне жетт

  • 1 Ақпан 2016
  • 606
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. Төл ойынымыз — тоғызқұмалақтан өткен тартысты бәсеке Ташкент Ирригация және мелиорация институты ғимаратында өтті.

Осымен тоғызыншы рет жалауын желбіреткен жарысқа Өзбекстан, Қазақстан және Қарақалпақстан республикаларынан 40-қа жуық спортшылар қатысты. Жарыс 3 жас ерекшелігі бойынша қыздар және ұлдар арасында бөлек өткізілді. Олар 14 жастан төмен, 15-17 жас және 18 жастан жоғары спортшылар.
Жарыстың ашылу салтанатында Ташкент ирригация және мелиорация институтының проректоры Қадиржан Шовозов, Өзбекстандағы Қазақ мәдениет ұлттық орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің Кеңесшісі Наурыз Айдаров және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының бас хатшысы Мақсат Шотаев сөз сөйлеп, бұл жарыстың мақсаты мен мәніне, екі елдің достығы мен ынтымақтастығына тоқталды. 
Екі елдің әнұрандары шырқалғаннан кейін жарыс жалауы көтеріліп, тартысты бәсекелер басталды. Әр жас ерекшелігінде қызықты ойындар өтті. Нәтижесінде төмендегі спортшылар жүлделі орындарға ие болды.

14 жастан төмен қыздар
Есіркеп Құндыз (Астана) І орын 
Жақсылықова Аруна (Ақтөбе) ІІ орын
Зорбайқызы Алтынай (Ақтөбе) ІІІ орын

14 жастан төмен ұлдар
Әуелбай Ерсұлтан (Астана) І орын 
Қалжан Қуанышбек (Ақтөбе) ІІ орын
Орынбасаров Асхат (Ақтөбе) ІІІ орын

 
15-17 жас қыздар 

Серікова Айжан (Астана) І орын 
Ибрагимова Адина (Ташкент) ІІ орын
Ибрагимова Динара (Ташкент) ІІІ орын

15-17 жас ұлдар

Серікмұрат Тойбахыт (Астана) І орын 
Жетпісбайұлы Орынбасар (Ақтөбе ІІ орын
Жолмұрат Бегзат (Ақтөбе) ІІІ орын

Әйелдер
Такишева Алмагул (Ақтөбе) І орын 
Асқарова Луиза (Ташкент) ІІ орын
Халова Сарвиноз (Ташкент) ІІІ орын

Ерлер
Өндірбаев Аманбек (Ақтөбе) І орын 
Танхаев Алишер (Астана) ІІ орын
Қалмұратов Жақсыбай (Нүкіс) ІІІ орын

Жарыстың жабылу салтанатында Өзбекстандағы Қазақ мәдениет ұлттық орталығы атынан медаль және дипломдар, Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігі атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жарыстың ең жас ойыншылары — ұлдар арасында Ержігіт Ибрагимов (Ташкент) пен қыздар арасында Таласбаева Нұрлыайым (Ақтөбе) болды. Сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақ мәдениет ұлттық орталығы төрағасы Серікбай Назарұлы тоғызқұмалақты Өзбекстан Республикасында дамытуға сіңірген еңбегі үшін Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының өкілі, Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Бауыржан Төлегеновке шапан жауып, сый сияпатын көрсетті.
null
null

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера