Үш күн ішінде оған Өзбекстан мен Қазақстаннан 800 қатысушы бақтарын сынады: 42 би ұжымы, Street Fest блоктың 200 бишісі және 60-тан астам адам экстремалды спорт түрлерінің түрлі бағыттары бойынша жарысқа түсті.
Хип-хоп бағытындағы сайыста Шымкенттің Mega Dance Club «DK» жас оқушысы Богдан Бирлов ақтық сынға шықты, алайда бірінші орын оған бұйырмады. Сонымен қатар, «Халық биі» бағытында бақ сынаған Астананың «Шашу» халық ансамблі үшінші орын алды.
Конкурста ақтық сынға шығу үшін Шымкенттің «Импульс» және Mega Dance Club «DK», сонымен қатар Алматының бишілер тобы бар өнерлерін ортаға салды.