Тасқын судан зардап шеккен отбасылардың балалары Бурабайда демалмақ
Тасқын судан зардап шеккен отбасылардың 280 баласы жазғы мезгілде әйгілі Бурабайда демалмақ. Жазғы демалысты ұйымдастыруға ҚР Білім және ғылым министрлігі ықпал етті. 3-17 маусым аралығында Орал қаласы мен Тасқала, Зеленов, Теректі аудандарындағы мектептердің 5-8-сынып оқушылары республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалып, түрлі шараларға қатысатын болады. Оқушыларға 28 мұғалім бас-көз болып, алып бармақ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін