Тасқын судан зардап шеккендерге қаратөбеліктер де қолұшын берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасқын судан зардап шеккендерге қаратөбеліктер де қолұшын берді

Тасқын судан зардап шеккендерге қаратөбеліктер де қолұшын берді

БҚО-дағы тасқын судан зардап шеккендерге Қаратөбе ауданы жұртшылығы да қолұшын берді.

  • 1 Маусым 2011
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркінбек Жәнібековтің хабарлағанындай, аудан әкімі, филиал төрағасы Наурызбай Қарағойшиннің ұсынысымен мекеме-кәсіпорындар жұмысшы-қызметкерлері 2622,0 мың теңге көлемінде біркүндік жалақыларын аударды. Сондай-ақ аққозылық зейнеткерлер 81 мың теңге, егіндікөлдік тұрғындар 50 мың теңге, Қаратөбе ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері 49 мың теңге, жусандыойлықтар 15 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Аудан халқы атынан Зеленов ауданына 50 қой апарылып, малсыз қалғандарға үлестірілді. Жаңа киімдер де жеткізілді.

Мұндай жәрдем әлі де жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар