Жарияланды: 410

Тасқын судан зардап шеккендерге жәрдем көрсететін жылжымалы медициналық кешендер аудандарға аттанды

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «ҚР тұңғыш Президентінің қоры» және «Асар-Береке» қайырымдылық қорының жылжымалы медициналық кешендері кеше облыс аудандарына аттанды.

Аталған кешендер заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құрамында терапевт, кардиолог, окулист секілді тәжірибелі мамандары бар кешен диагностикалық көмек те көрсетеді. Қайырымдылық көмегі үшін «ҚР тұңғыш Президенті қорының» атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов пен «Асар-Береке» қоғамдық қорының директоры Лаура Ахметова облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. Жолға шыққан кешендер Тасқала, Зеленов және басқа аудандарды аралап, халыққа медициналық қызмет көрсетпек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін