Тасымалдауға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы ЕАЭО-ның техникалық регламент жобасы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасымалдауға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы ЕАЭО-ның техникалық регламент жобасы жасалды

Тасымалдауға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы ЕАЭО-ның техникалық регламент жобасы жасалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың

  • 4 Қараша 2015
  • 633
Фото - Caravan.kz

«Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент жобасын көпшілік алдында талқылауға шығарды.

ЕЭК-тың баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат мұнайға адамның өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды оның міндеті мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу, энергиялық тиімділік пен қорды сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында қойылатын талаптарды белгілейді. Атап өткенде, құжат мұнайдың құрамында күкіртті сутек, метил, этилмеркаптандар және басқа да бірқатар қауіпті химиялық қосындылардың болуын шектейді.

Техникалық регламент сондай-ақ мұнайдың ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарына сәйкестілігін растау ережелерін анықтайды. Бұл талаптарға сәйкес болып, сәйкестілік бағалау процедураларынан өткен шикізат Одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануға жатқызылады. Бұл белгі мұнай төлқұжатына енгізіледі.

Техникалық тәртіп айналымға шығарылып, Одақ елдерінің аумағында айналымда болған мұнайға таралады. Мемлекеттік тапсырыспен және ЕАЭО сыртына экспортқа жеткізілетін мұнайға таралмайды. 


Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық базасына сәйкес, техникалық тәртіп жобасын көпшілік болып талқылауға ЕЭК-тың ресми сайтында оның әзірленуі туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн беріледі. ЕАЭО мемлекеттерінің және үшінші елдердің қызығушылық танытқан тұлғалары ескертулер мен ұсыныстарын комиссияға жолдай алады.

Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық тәртібін іске қосуды енгізудің шамаланып отырған мерзімі — 2017 жылдың 1 наурызы. 

Соңғы жаңалықтар