Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық әнші Қазан қаласына ARNAU TOUR 2020 үлкен туры аясында келген. Ал әнін арнаған қыз — кішкентай кезінен бастап онкологиялық дертпен күресіп, көз жұмған Лейсан Сейтназарова.
2019 жылы әншінің өзі хосписке пациентті көруге барған. Себебі, Лейсан сол уақытта сауықтыру еміне байланысты WorldSkills Kazan жабылу рәсіміне қатыса алмаған. Лейсан сүйікті әншісінің өзімен жолығуға келетінін білмеген. Ұйымдастырушылардың сөзінше, татар қызының сол кездегі әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт айдан соң, 21 жасында көз жұмған. Әнші концертінде оны еске алып, "қарындасым" деп атады.