Татарстан өнерпаздары «Қара жорғаны» қазақ тілінде шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Татарстан өнерпаздары «Қара жорғаны» қазақ тілінде шырқады

Татарстан өнерпаздары «Қара жорғаны» қазақ тілінде шырқады

Қазақстандағы Татарстанның мәдениеті күндері аясында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Татарстан Республикасы өнер шеберлерінің гала концерті өтті. 

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 575
Фото - Caravan.kz

Өнерпаздар «Қазақстан» әнімен, сондай-ақ татарстандық «Казан егетляре» тобы танымал қазақ әні «Қара жорғаны» қазақ тілінде шырқап, көпшілікті таңдай қақтырды.

Астанада Татарстан Республикасының мәдениет күндері аясында татарлардың ұлттық мерекесі — Сабантой өтті. Оған Қазаннан келген 650 жуық әртіс қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен. 

Сабантой — мың жылдан астам тарихы бар еңбек пен достық мерекесі. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап, дамытылып, заманауи реңкке ие болған мереке бүгінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жауһарлары тізіміне енген. Шара барысында ұлттық әндер мен билер орындалып, байқаулар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Астана мен Қазан қалаларының арасындағы бауырластық орнаған 10 жылдың ішінде Сабантой мерекесі елордада бірнеше мәрте өткізілген болатын. Бүгінгі таңда қалада 11 мыңнан астам татар ұлысының өкілі тұрып жатыр.

Сабантой аясында Татарстан Республикасының өнеркәсіптік және ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін және сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарының сауда-көрмелері ұйымдастырылды. Онда бауырлас мемлекеттің ауыл шаруашылық өндірушілерінің өнімдері сатылды.

Татарстан өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Қазан» би ансамблі, «Татарстан» ансамблі, «Ворожея» орыс әндері ансамблі, «Шарм» шоу театры, «Шаян» халықтық би ансамблі, «Кристалл», «Эльметэм», «Камские зори» би ансамбльдері мерекенің көркін қыздырды. Сондай-ақ мерекелік сахнада Альберт Садрдинов, Иван Чернов, Марсель Вагизов, Регина Валиева, Рустем Маликов, Саида Мухаметзянова, Георгий Ибушев, Бахтияр Омаров, Алсу Сайфуллина, Зухра Назипова, Хамдуна Тимергалиевалар өнер көрсетті.

Перейти к новостям спорта