Татарстанда Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильм көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Татарстанда Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильм көрсетілді

Татарстанда Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильм көрсетілді

Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы 2015 жылы түсірілген фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды

  • 4 Тамыз
  • 8
ФОТО: Скриншот фильма "Кунанбай"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Татарстан астанасында Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен ақынның 180 жылдығына орай Абайдың әкесіне арналған «Құнанбай» кинодрамасы көрсетілді.

Генеральный консул Казахстана в Казани Ерлан Искаков - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025

Татарстанда Абайдың әкесі Құнанбай туралы фильм көрсетілді

© Photo : Телеграм-канал «Казахи России»

Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулы Ерлан Ысқақов Абай Құнанбаевтың өмірі мен Қазақстан мәдениетіне әсері туралы айтты, деп хабарлайды «Татар-информ«.

«Абай Құнанбаев – қазақтың ақыны, ойшылы, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері, жаңа қазақ классикасы мен әдебиетінің негізін салушы. Фильм оның әкесі Құнанбай Өскенбаевқа арналған», — деді Бас консул.

Ысқақовтың айтуынша, болыс болған Құнанбай Абайға, оның біліміне көп қаржы салған.

«Ол Еуропа мен орыс әдебиетінің арасында көпір болды. Көптеген шығарманы, тіпті Пушкинді де аударды. Осы мүмкіндіктің арқасында ол қазақ халқына басқа халықтардың тарихын зерттеуге мүмкіндік берді», — деді ол.

«Құнанбай» фильмін қазақ режиссері Досхан Жолжақсынов 2015 жылы Абайдың 170 жылдығына түсірген.

Перейти к новостям спорта