Татарстанда бортында 50адамы бар «Боинг» әуежайға қона бергенде жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Татарстанда бортында 50адамы бар «Боинг» әуежайға қона бергенде жарылды

Татарстанда бортында 50адамы бар «Боинг» әуежайға қона бергенде жарылды

Қазандағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы әлемдегі бірнеше мемлекеттің әуежайларын тығырыққа тіреді. Өйткені Татарстанға  тікелей ұшатын рейстер уақытша тоқтатылған. Осындай қолайсыздыққа еліміздің «Эйр-Астана» компаниясы да кезігіп отыр. Мәселен Алматыдан бағыт алған әуе кемесі, Ақтөбеге қонып қайта оралған. Ал Қазаннан тікелей ұшып шығуы тиіс жолаушылар Мәскеу арқылы отанына қайтуға мәжбүр.

  • 19 Қараша 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz


Мұндай келеңсіздікке кеше түнде Мәскеуден Қазанға бет алған «Boeing 737»-нің апатқа ұшырауы себеп. Мына кадрлерде әуе көлігінің қону жолағына екі рет аялдай алмай ал үшінші әрекетінде жерге соғылып жарылғаны анық көрінеді. Тергеумен айналысып жатқан комиссия екі болжамды алға тартып отыр. Біріншісі ұшқыштардың қателігі, екіншісі техникалық ақау. Белгілі болғандай, борт командирі ақауға байланысты қона алмайтынын алдын-ала хабарлаған. Осыған байланысты әуежай диспетчерлерінен жауап алынып жатыр. Төтенше оқиғаға орай Қазан әуежайы жабылып, елде қаралы күн жарияланды. Айта кетсек, апаттан ұшақта болған 44 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі түгел қаза тапты. Сондай-ақ, марқұмдардың қатарында Татарстан президентінің ұлы Ирек Минниханов та бар. Бұған дейін өлгендердің санатында бір теміртаулық тұрғынның бар екені айтылған еді. Бірақ Сыртқы Істер министрлігі бұл ақпаратты растаған жоқ.