Тауарларын тегін тарататын «Аялы алақан» дүкені ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тауарларын тегін тарататын «Аялы алақан»  дүкені ашылды

Тауарларын тегін тарататын «Аялы алақан» дүкені ашылды

Петропавлда тауарларын тегін тарататын «Аялы алақан» атты  дүкен ашылды. Ол тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларына арналған.  Сатушылары да дүкенде тегін жұмыс істеп, осы жерде бала-шағасын тегін киіндіретін көпбалалы аналар екен.

  • 7 Маусым 2011
  • 579
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін көпбалалы аналар мен әл-ауқаты төмен жандар осындай дүкенді үйлерінде ұйымдастырып, балаларына тар болып қалған киімдерді өзара айырбастап отыратын. Бірақ бұл игі шараның ғұмыры ұзаққа созылмапты. Есесіне дүкенге коммуналдық базар аумағынан  сауда орны бұйырып, қол ұшын берушілерден толас жоқ екен. Дүкенге жиналған киім-кешек, аяқ киім және өзге де керек-жарақ мұқтаж жандарға тегін үлестіріледі.

Бақытжан Сәмиева, «СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы:

— Кейбір азаматтар тіпті фамилиясын айтпайды. «Керек жоқ» дейлі, дегенмен  біз жазып жатырмыз.  Бір жылдан соң ол кісілердің бәрін риза қыламыз, рахметімізді айтамыз.

Тегін дүкендер желісінің ашылғанына үшінші күн. Олар “тарыққанға табылар, құныққан құр қайтады” деген ұранмен жұмыс істейді. Дәніккендер мен құныққандарға жем болмау үшін дүкен клиенттерді тек арнайы анықтамамен қабылдайды.   


Бақытжан Сәмиева, « СҚО
Іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы:

— Дүкен  әлеуметтік қорғау департаментінің бағытымен жұмыс істейді. Барлық тауарды  соның нұсқауымен береміз, бақылау бар. 

Сатушылар — көпбалалы аналар. Дүкенде тегін жұмыс істеп,  тегін киінеді. Қажет болса, кейбірін өздері тігеді. 

Надежда Майданова, көпбалалы анна:

— Балалар ойыншықтарды қолдарымен жасайды, жастық тігеді, кілем тоқиды. Бәрін  дүкеннің сөрелеріне қойып жатырмыз.

Көпбалалы аналар қоғамы қаланың өзге аудандары мен ауыл-аймақта да әлеуметтік дүкен  ашуды жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар