Тауда адасып кеткен 11 жасар бала іздестірілуде - Алматы облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Тауда адасып кеткен 11 жасар бала іздестірілуде - Алматы облысы

Тауда адасып кеткен 11 жасар бала іздестірілуде - Алматы облысы

Алматы облысының Қапал ауылында тауда адасып кеткен 11 жасар бала іздестіріліп жатыр.

  • 15 Қараша 2012
  • 420
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы полицияға дүйсенбі күні оның ата-анасы хабарлаған. Бала тауда қой бағып жүрген әкесіне көмектесіп жүрген көрінеді.

Күн суытып кеткен соң әкесі ұлын киініп кел деп үйге қайтарады. Бірақ ол үйіне бармапты.
«Жақында жауған қарға байланысты баланы тірі табу мүмкіндігі төмендеп барады. Ата-анасының айтуынша, бала естиді, бірақ сөйлей алмайтын көрінеді. Іздеуге осы жайт та кедергі болып отыр», — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Баланы іздеуге 70 шақты адам жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар