Тауда қаза тапқан баланың өліміне қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тауда қаза тапқан баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Тауда қаза тапқан баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Жеткіншек адасып кеткен алғашқы күні көз жұмған

  • 30 Шiлде 2018
  • 83
Фото - Caravan.kz

 Алматы облысы ішкі істер департаменті Жамбыл ауданында тау ішінде денесі табылған баланың өліміне қатысты мәлімет берді, деп хабарлады sputniknews.kz

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеткіншек адасып кеткен күні суық өтіп, көз жұмған.

"Жоғалып кеткен соң алғашқы тәулікте қаза тауыпты – сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, суық өтіп көз жұмған", — деп хабарлады полиция баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Еске салып өтсек, жеті жасар бала 14 шілдеде өзімен қатарлас төрт жеткіншекпен жайлауға барып, жоғалып кеткен. Баланы іздеу шараларына жүзден астам адам қатысты – полицейлер, әскерилер, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер.


Кейінірек іздеу аумағы қырғыз шекарасына дейін кеңейтілді.

Жеткіншектің денесі 27 шілдеде 17.40-та Ынтымақ аулынан 8 шақырым жерде табылды.

 

Соңғы жаңалықтар