Тәуекел Мүсілім: Өзіңнен үлкен әйел алсаң, уақыт өте айырмашылық білінуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуекел Мүсілім: Өзіңнен үлкен әйел алсаң, уақыт өте айырмашылық білінуі мүмкін

Тәуекел Мүсілім: Өзіңнен үлкен әйел алсаң, уақыт өте айырмашылық білінуі мүмкін

Ерке Есмахан мен Ninety one тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевтың махаббат хикаясы біраз уақыттан бері ел аузында. Оған себеп те жоқ емес. Бір рет некеде болған Ерке қазіргі сүйіктісінен 9 жасқа үлкен. Өнердегі әріптестерінің бұған көзқарасы қандай?

  • 12 Шiлде 2021
  • 736
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz "Алматы" арнасының "Папарацци" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тәуекел Мүсілімнің пікірінше, екі жастың ортақ қызығушылықтары болса, жас айырмашылықта тұрған ештеңе жоқ. Дей тұрғанмен, отбасын құрған жағдайда әйелдің үлкендігі білінуі мүмкін, дейді ол. 

"Ортақ әңгімелері, көзқарастары болса, не үшін кездеспеске? Ол қатты бір қиын жағдай емес. 

Үйленіп жатса, кім біледі?! Әйелің өзіңнен үлкен болса, жас келе байқалуы мүмкін. Күнделікті өмірде көріп жүрміз ғой.

Голливудтық жұлдыздар бар. Алла Пугачева мен Максим Галкин бар, сондай адамдар бақытты өмір сүріп жатыр ғой", — дейді Тәуекел.

Ал, әйел ерінен кіші болса, бөлек әңгіме дейді, кино серісі. Мәселен, Тәуекелдің Махаббаты өзінен жеті жасқа кіші. 

"Мен 1988, ал ол 1995 жылғы. Жеті жас, ешқандай білінбейді. Көптеген ағаларамыз 40-50-ге келгенде екінші әйел алып жатады. Оның бір себебі бар деп ойлаймын. Өйткені жас әйел алсаң жасарып жүресің. 


Оның аурасы әсер етеді. сол себепті біздің жеті жас білінбейді", — дейді Тәуекел.

Бойдақ кезде Тәуекелдің артынан түрлі қаңқу сөздер ерген. Актерді өзінен үлкен әйелдермен, тіпті бұрынғы продюсерімен қосқан жандар да жетерлік. Алайда:

"Мен ешқашан өзімнен үлкен ешкімге қызыққан емеспін, кездескен емеспін. Мүмкін мектеп кезінде өзіммен жасты қыздарға қызыққан шығармын. Ал өсе келе әрдайым өзімнен кіші болатын", — дейді Мүсілім.