Тәуекел Мүсілім продюсерімен көңіл қосып жүр дегендерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуекел Мүсілім продюсерімен көңіл қосып жүр дегендерге жауап берді

Тәуекел Мүсілім продюсерімен көңіл қосып жүр дегендерге жауап берді

Актердың қазіргі жемісі - продюсерінің үлкен еңбегі.

  • 19 Қазан 2017
  • 1619
Фото - Caravan.kz

Тәуекелдің өнер жолындағы табысына оның продюсері Жанна Әбуованың сіңірген еңбегі зор, — деп атап өтті Stan.kz

Жомарт жанды Жанна ханым, тіпті, Тәуекелге қымбат маркалы Range Rover автокөлігін сыйға тартқан. Соған қарап жұрт продюсер мен жас жігіттің арасында жақын байланыс бар деп ойлайды. Бұл сынға Тәуекелдің берер өз жауабы бар.

“Иә, Range Rover автокөлігін продюсерім Жанна Әбуова сыйға тартты. Жалпы бұл көлікті мен қалаған жоқпын. Бірақ продюсерім қоймай қойды. Себебі оның айналасындағы адамдар сынай бастаған. Бір жолы әріптестерінің бірі: “Тәуекел сенің жобаң, неге ол арзан көлік мініп жүр?” деп мін таққан. Ол кезде мен Toyota Camry-35 көлігін айдап жүрген едім. Оны өзім жинаған ақшаға сатып алған болатынмын. Ал әлгі әріптесінің сөзі менің продюсерімнің шамына тисе керек-ті. Сол шақта ол өзіне “Ягуар” көлігін, ал маған Range Rover алып берді. Бірақ біз кейін сөйлесіп, ол ақшаны қайтарамын деп келістік”, – деп түсіндірді Тәуекел.

Бұдан өзге, актер продюсеріне деген қарызын таза еңбекпен қайтарып жүргенін атап өтті. Осылайша сымбатты актер өзін продюсерімен қосып қойған жандардың арам ойламауын сұрады.


Соңғы жаңалықтар