Тәуелсіз байланыс операторларын ұлттық талшықты-оптикалы желіге шығармау арқылы "Қазақтелеком" саланың жалпы дамуына кедергі келтіріп отыр - "Ducat" компаниясы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіз байланыс операторларын ұлттық талшықты-оптикалы желіге шығармау арқылы  "Қазақтелеком" саланың жалпы дамуына кедергі келтіріп отыр - "Ducat" компаниясы

Тәуелсіз байланыс операторларын ұлттық талшықты-оптикалы желіге шығармау арқылы "Қазақтелеком" саланың жалпы дамуына кедергі келтіріп отыр - "Ducat" компаниясы

Тәуелсіз байланыс операторларын ұлттық талшықты-оптикалы желіге қасақана шығармау арқылы "Қазақтелеком" саланың жалпы дамуына кедергі келтіріп отыр. Бүгін, 18-желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында KZ-today тілшісіне берген сұхбатында "Ducat" компаниясының бас директоры Марк Сайденфельд осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, соның салдарынан "Қазақтелеком" мен ҚР мемлекеттік бюджеті жыл сайын шамамен 40 млн. доллардай қаржыдан қағылып отыр.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 839
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақтелеком» ААҚ талшықты-оптикалы байланыс желісінің негізінде еліміздің барлық облыс орталықтарын сандық жүйеге біріктіретін ұлттық ақпараттық супермагистраль құру жөніндегі жобаны жүзеге асыруда. Жалпы құны 100 млн. евроға бағаланған супермагистральдың жалпы ұзындығы 112 мың шақырымды құрайды.

М.Сайденфельдтің айтуынша, ол басқаратын компания 2002-жылдың қаңтарынан бастап талшықты-оптикалық желіден арна бөлу жайында «Қазақтелеком» басшылығына бірнеше мәрте өтініш білдірген. Жазбаша түрдегі алғашқы ұсынысты М.Сайденфельд 2003-жылдың тамыз айында алыпты. Алайда, «Ducat» компаниясының бас директорының айтуынша, ұсынылған бағаға қарап ұлттық байланыс операторының талшықты-оптикалық желіге басқаларды біріктіруге құлықсыздығын аңғаруға болады. Өйткені, желінің қазақстандық бөлігінің бағасы ресейлік бөлігінен екі жарым есе артық болып шыққан.
М.Сайденфельдің айтуынша, талшықты-оптикалық желі жұмыс істейтін басқа елдерде қалыптасқан дәстүрге сәйкес, осындай желінің қызметі спутниктік байланыс желісін пайдалану құнынан 10 процентке қымбат келеді. «Ал бізге ұсынылған баға спутниктік байланыс бағасынан 2 есе артық»,- дейді ол.
«Ducat» компаниясы жыл сайын спутник арқылы халықаралық байланысқа 100 мыңдай доллар жұмсайды. Алдағы уақытта бұл баға тіптен қымбаттай түспек.
М.Сайденфельдтің есептеуінше, қазақстандық басқа да интернет-провайдерлер талшықты-оптикалық желіге шығу үшін 200 мыңдай доллар жұмсауға әзір. «Бұл қаржы «Қазақтелеком» ААҚ-ның есепшоты арқылы мемлекет қаржысына құйылар еді, алайда, бізбен күресудің осындай тәсілін ойлап тапқан әлдекімнің дегені орындалып жатыр «,- деп пайымдайды ол.
М.Сайденфельдтің пікірінше, талшықты-оптикалық желіге шығару — «Қазақтелекомның» бірден-бір бәсекелі артықшылығы болуы осындай шешім қабылдауға итермелеп отыр. Алайда, оның жария еткен ақпаратына жүгінсек, талшықты-оптикалық желінің мүмкіндіктері қазір небәрі 1 процентке ғана пайдаланылуда.
«Әзірге біз қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тұтынушылар үшін байланыс қызметін бір ғана тәсілмен қамтамасыз етіп әліптің артын бағып отырмыз. Қазір тіпті Қазақстанда баламалы талшықты-оптикалық желі құру туралы жоба да жасалып үлгерді. Ондай желінің құрылуы нәтижесінде «Қазақтелекомның» қызмет құны арзандайды дегенге сенемін»,- деді М.Сайденфельд.

Соңғы жаңалықтар