Тәуелсіз сарапшы Қазақстандағы дизель «тапшылығына» қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіз сарапшы Қазақстандағы дизель «тапшылығына» қатысты пікір білдірді

Тәуелсіз сарапшы Қазақстандағы дизель «тапшылығына» қатысты пікір білдірді

Қазақстанда дизель тапшылығы жоқ. Мұндай пікірді тәуелсіз сарапшы Олжас Байгелдиев айтты.

  • 25 Маусым 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы елде дизель отынына тапшылық жоқ. Кейбір жанармай бекеттерінде тапшылық болуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. Мәселен, дүкен сөрелерінде нан таусылуы мүмкін ғой. Оны басқа дүкеннен сатып алуға болады. Бүгінгі мәселе дәл сондай», — дейді Олжас Байгелдиев.

Сонымен қатар, ол жанар-жағармай бекеттерінде пайда болған ұзын-сонар кезектің де себебін түсіндірді.

«Қазақстанда транзиттік көліктерге жанармай құйылады. Ауыр көліктер жүздеген литр дизель құяды. Ол біраз уақытты алады. Дәл осы кезде жанармай бекеттерінде кезек пайда болады. Адамдар алаңдайтын нәрсе көріп тұрғаным жоқ. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жөндеуден кейін қайта іске қосылып, өңірлерге дизель тасымалдау жанданды. Ал, бағасына келер болсақ, бұл осындай сәтті пайдаланып, пайда тапқысы келетін жекелеген жанармай бекеттерінің ісі»,- дейді сарапшы.

ҚР Энергетика министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазір мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті деңгейде.


«23 маусымдағы жағдай бойынша, Алматы қаласында Аи-92 маркалы бензиннің жиынтық қоры 30,3 мың тоннаны құрайды. Бұл, өңірдің 19 тәуліктік қажеттілігін қамтуға жеткілікті. Дизель отыны бойынша қор 10,9 мың тоннаны құрайды. Бұл, өңірдің 18 тәуліктік қажеттілігін қамтуға жеткілікті. Аи-92 бензині бойынша ай сайынғы тұтыну 48,9 мың тоннаны (тәулігіне 1,6 мың тонна), дизель отыны бойынша 18,3 мың тоннаны (тәулігіне 0,6 мың тонна) құрайды.

Бүгінгі күні Алматы қаласы ЖМҚС-ның АИ-92 бензині бойынша бөлшек сауда бағасы литріне 169-дан 175 теңгеге дейін, дизель отыны бойынша литріне 192-ден 205 теңгеге дейін диапазонда тұр», — деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.