«Тәуелсіз ұлттың лидері» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тәуелсіз ұлттың лидері» - республикалық басылымдарға шолу

«Тәуелсіз ұлттың лидері» - республикалық басылымдарға шолу

«Президент елорда күніне арнал­ған Салтанат сарайындағы салта­нат­ты қабылдауға қатысты», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Шара барысында Елбасы қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады. Өз сөзінде бүгін еліміз көлемінде, Қазақ­станның барлық өңірі Қазақ­станның елордасы күнін, Астана қаласының мерекесін мерекеліп жатқанын атап өткен Мемлекет басшысы: «Сіздердің барлығыңызды Ел­орда күнімен құттықтаймын! Астана күллі әлемді сүйсінтуде жә­не жүздеген жылдар бойы сүй­сін­те бермек. Астана - біздің Тәуелсіздігіміздің тәжі іспетті әсем қала. Астана - Қа­зақ­станның қуатын білдіретін қа­ла. Астана - әлемдік көшбасшы­лар бас қосатын орын. Бұл үм­іттер ақталатын, біздің жас қа­зақстандықтарды бақытқа бөлей­тін қала. Бұл - орасан эпопея», - деді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұр­ған­құловтың төрағалығымен өткен Комиссияның кешегі отыры­сында ҚР Парламенті Сенаты депутат­тығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтері белгіленді, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы мен Астана қаласы сайлау комиссиясының мүше­лерін тағайындау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар ОСК басшысының хабардар етуінше, 7 шілдедегі жағдай бойынша Сенат депутаттығына бар­лығы 87 кандидат ұсынылған. Орташа есеппен алғанда, бір депу­тат­тық мандатқа 5 үміткерден келіп отыр. Ең көп кандидат ұсын­ған өңір Жамбыл облысы — 9 адам, жеті облыс 4 үміткерден ұсын­ған. Олардың ішінде 15 адам­ды мәслихаттар, ал 72 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Ұсы­ныл­ған кандидаттардың ішінде 4 әйел бар. Үміткерлердің 9-ы Сенаттың қазіргі кездегі депутаты болып табылады. Мақала «Сенат сайлауына — 142 миллион теңге» деген тақырыппен берілген.

***

«Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің «Тәуелсіз ұлттың лидері» деген көлемді мақаласы жарық көрді. «Қазір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — өз өмір жолын енді бастаған жас қазақстандықтар — тәуелсіздіктің құрдастары үшін де, халықаралық деңгейдегі тәжірибелі саясаткерлер үшін де үлгі болып отырған тұлға. Сол себепті де біздің жалпыұлттық көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аты адамзат тарихындағы ең ұлы мемлекеттік қайраткерлердің әлемдік шежіресіне алтын әріптермен жазылды», — дейді мақала авторы.

Қазақстанның негізінен аграрлы ел екені баяғыдан белгілі. Кезінде ауыл шаруашылығы жақсы дамып, миллиардтаған пұт астықтан басқанбыз, мыңғырған мал өсіріп, жүздеген мың тонна ет, сүт, жүн де өндіргенбіз. Күріш пен жүгері, қант қызылшасынан да жоғары өнім алып едік. Бау-бақшамыз да ешкімнен кем емес-ті. Қазір де ауыл шаруашылығына жыл сайын орасан зор көлемде, тіпті саладағы ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін қаржы бөлініп отыр. Соңғы он жылдың өзінде мемлекет аграрлық салаға 7 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция бағыттапты. Шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қаржылай қолдау турасында «Айқын» газетіндегі «Шаруаға қолдау болмаса, ауылға ажар кіре ме?!» деген мақаладан біле аласыздар.

***

«Алаш айнасы» газетінде КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовпен арадағы сұхбат «Қазір «ақша бәрін шешеді» деген жай ғана ұран емес, ұғымға айналып кеткен секілді» деген тақырыппен берілген. Қойылған барлық сауалдарға тұщымды жауап берген актер: «Қай кезде, қай жерде, қай жақта жүрейік, еліміздің намысы, еліміздің өсуі мен жақсылығын үлкейтіп, көркейтіңкіреп көрсету, артығырақ айту өнердің парызы деп білемін. Өнер қай кезде де алда жүру керек. Өнердің үйретер үлгісі, тағылымы көп. Сондықтан өнерге деген көзқарас және оның ертеңі ел болашағымен сабақтас болуы тиіс. Демек, қарым-қатынас қажет», — дейді.

«Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қоржынымызға түскені — бір алтын, екі күміс, бір қола. Сөйтіп, жалпыкомандалық есепте Қытай, Ресей және Иран спортшыларын алға жіберіп, төртінші орынға тұрақтадық», — де жазады «Алаш айнасы» газеті. Басылымның атап өтуінше, Қазақ елінің қоржынына жалғыз алтынды басты үміткеріміз болған Надежда Ногай салды. Дүбірлі додада жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз жайында тереңірек білгіңіз келсе, басылымның бүгінгі нөміріндегі «Бізде алтын да бар, күміс те бар, қола да бар» деген мақалаға назар салыңыз.

***

«Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті», — деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, ең ізгі тілектерін, денсаулық, жақсылық пен Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік жұмысында жеміс тіледі. Әңгіме барсында екі елдің президенттері ағымдағы жылдың тамыз айы мен қыркүйек айының басына жоспарланған көпжақты форумдар аясындағы байланыс жоспарын талқылап, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі үйлесімділікті тереңдету мәселесін қозғады.

Соңғы жаңалықтар