«2005-жылдың маусым айының аяғындағы жағдаймен Қазақстанда жұмсалған шетелдік инвестиция көлемі 42 млрд. долларға жетті. Шетелдік инвестициялар Қазақстандағы экономикалық өсімнің маңызды қайнар көздерінің біріне айналды»,- деді Ә.Сәйденов.
Ұлттық банк басшысының мәліметіне сүйенсек, тікелей инвестициялар 23,2 млрд. долларды, портфельдік инвестициялар 2 млрд. долларды, инвестицияның басқа түрлері 16,6 млрд. долларды құрады. Ә.Сәйденовтың айтуынша, «шетелдік инвестициялар негізінен мұнай және табиғи газ өндіруге, атап айтсақ, бұл салаға жалпы инвестицияның үштен бір бөлігі, ал банк секторына 24 проценті құйылды». Негізгі донор- елдер — Нидерланды, АҚШ және Ұлыбритания болып табылады.
Шетелдік инвестициялардың ағылуына әсер еткен басты алғышарт — макроэкономикалқ тұрақтылық болмақ. «Қазіргі инвестициялық ахуал — Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан бергі 14 жыл ішіндегі ең қолайлы инвестициялық ахуалға саналады. Бұл — ішкі және сыртқы экономикалық ахуалдың қолайлылығына, сондай-ақ, экономиканы нарық жолына бұра реформалауда Қазақстан қол жеткізген айрықша ілгерілеушілікке тікелей байланысты»,- деді ол.
«Қазіргі жағдаймен еліміздегі инвестициялық деңгейдің тәуелсіз рейтингін дүниежүзілік ірі рейтингтік агенттіктер дәлелдеді. ТМД елдерінің арасынан Қазақстан ең жоғарғы орындардың бірінде»,- деді Ә.Сәйденов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті