Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы әкімі үй кезегінде тұрған 100 отбасына пәтер кілттерін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы әкімі үй кезегінде тұрған 100 отбасына пәтер кілттерін табыс етті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы әкімі үй кезегінде тұрған 100 отбасына пәтер кілттерін табыс етті

Бүгін, 12-желтоқсанда Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов үй кезегінде тұрған 100 отбасына пәтер кілттерін табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 473
Фото - Caravan.kz

45 пәтердің кілті Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, 20 ордер құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне, 10 кілт білім беру және денсаулық қорғау саласы қызметкерлеріне, тағы да 10 кілт мәдениет саласы қызметкерлері мен БАҚ өкілдеріне, 15 кілт аудандық әкімшіліктерде жұмыс істейтін үй кезегінде тұрған қызметкерлерге берілді.

Пәтер кілттерін табыс еткен В.Храпунов ипотекалық несие беру жүйесінің дамуы Алматыда тұрғын үй бағасының қымбаттауына түрткі болғанын атап көрсетті. Әкімнің айтуынша, бүгінде қаладағы әрбір үшінші пәтер банктің несиесі есебінен сатып алынуда. Осыған байланысты қала әкімінің пайымдауынша, «әкімшіліктің қазіргі басты мақсаты — барлық қаржыландыру көздері бойынша салынатын тұрғын үйлер санын арттыру есебінен пәтерлер бағасын арзандату болмақ». Осы орайда ол әкімшіліктің 20 млн. долларға муниципалдық облигациялар шығару тәртібін жасап шығарғанын, «одан түскен қаржыны халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіне арнап үй салуға жұмсау көзделіп отырғанын» еске салды.
Жалпы алғанда, 2003-жыл басынан бері Алматыда үй кезегінде тұрған 290 отбасына, соның ішінде соғыс ардагерлері мен мүгедектердің 90 отбасына пәтерлер берілген. Пәтерлердің бір бөлігі ескі тұрғын үйлер рыногынан сатып алынды, сондай-ақ, Алматы бюджетінің есебінен де жаңа үйлер салынды,- деді В.Храпунов.

Соңғы жаңалықтар