Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде мемлекеттік наградалар табысталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде мемлекеттік наградалар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде мемлекеттік наградалар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде мемлекеттік наградалар табыстала бастады. Ал еңбегі еленген азаматтардың бір тобы тиесілі  ордендерін бүгін Ақордада мемлекет басшысының қолынан алды.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 347
Фото - Caravan.kz

Жоғары марапатқа ие болғандар арасында министрден бастап, облыс әкімдеріне дейін бар. Көптен бері саясат сахнасынан көрінбей кеткен бұрынғы Қорғаныс министрі Даниял Ахметов те бүгін президенттің қолынан награда алды. Осындай дәрежеге кәсіпкерлер, әскерилер мен прокурорлар, білім, медицина, мәдениет, әдебиет пен өнер саласында тер төгіп жүрген бір топ азаматтар бөленді. Енді олардың кеудесінде «Тұңғыш президент», «Барыс», «Парасат», «Даңқ» ордендері жарқырап жүретін болады. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген құрметке қолы енді жетіп жатса, ал жас әнші Дильназ Ахмадиева ондай атаққа 32 жасында қол жеткізді бүгін. Бағы жанып мемлекет басшысының қолынан марапат алған 20 адам Ақордадағы қабылдаудан толқып шықты. Ел алдындағы ерен еңбегі ескерілгендер Елбасына алғыс айтты. 


Сәбит Досанов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:

— Ойыма Бұқар жыраудың: «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай» сөзі оралып тұр. Осы сөздерді Сізге арнап айту әділетті болмақ. Себебі, Қазақстанның әлем таңғалған табыстары және біздің шығармашылық жетістеріміз осы сіздің басшылығыңыздың арқасында болып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз пенде болғаннан кейін еңбегің жанып мұны мемлекет бағалап жатса мерей үстіне мерей болады. Сіздер үшін де, қызметтес әріптестеріңіз, туыстарыңыз үшін де үлкен қуаныш.