Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті еліміздің танымал қайраткерлерін мемлекеттік сыйлықтармен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті еліміздің танымал қайраткерлерін мемлекеттік сыйлықтармен марапаттады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті еліміздің танымал қайраткерлерін мемлекеттік сыйлықтармен марапаттады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс салаларының, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкелері мен әскери саладағы еліміздің танымал қайраткерлері мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды,- деп хабарлайды ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 445
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін Астана қаласының әкімі Темірхан Досмұханбетов, үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павлов, ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков 2-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

«Парасат» орденіне елімізге танымал бірқатар ғалымдар ие болды. Ал Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы Сұлтан Байсұлтанов, театрдың бас дирижеры Ринат Салауатовтар «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген құрметті атаққа Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Ақселеу Сейдімбек ие болды.
Сондай-ақ, отан алдындағы әскери борышы мен қызметін ойдағыдай атқарғаны үшін бірқатар әскери қызметкерлер ордендер мен медальдарға ие болды.
Жалпы алғанда, ҚР мемлекеттік сыйлықтарымен 475 адам марапатталды. Олардың толық тізімі ресми баспасөз беттерінде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар