Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды

Бүгін, 15-желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сыйлықтарды тапсырып, қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтарды, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Тарих үшін он үш жыл — тым аз уақыт. Бірақ соған қарамастан, көп ұлтты халқымыздың ынтымақ-бірлігі, ішкі саяси тұрақтылықтың, сыртқы ортамен нағыз достық қарым-қатынас орнатудың арқасында ұлығаусар істер тындырылды. Біз елімізді сақтап қана қоймай, Қазақстанды дүниежүзіне танымал тәуелсіз елге айналдырдық»,- деді Н.Назарбаев.

Президент «бүкіл қазақстандықтар мен сіңірген еңбегі үшін бүгін мақтау-марапатқа ие болғандар бұдан былай да әрдайым ұшар биік идеалдарға, отанымыздың тәуелсіздігі ісіне, тұрақтылыққа, халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет ете береді» дегенге сенім білдірді.
Жалпы алғанда мереке қарсаңында 600-ден астам қазақстандықтар мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының түңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденін жазушы, сенат депутаты Әбіш Кекілбаев, Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов кеудесіне тақты.
І дәрежелі «Барыс» ордені мұнай саласының ардагері С.Өтебаевқа бұйырды.
Екінші дәрежелі «Барыс» ордені үкімет басшысы Даниал Ахметовке, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинге, үшінші дәрежелі «Барыс» ордені Атырау облысының әкімі Аслан Мусинге берілді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Бекен Жылысбаев, Алматылық еңбек ардагері Зәуре Омарова, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Жұлдыз» шаруа қожалығының басшысы Жұмагүл Сауырбаевалар «Отан» орденімен марапатталды.
Астрофизикалық зерттеулер орталығы ғарыштық зерттеулер институтының директоры Өмірзақ Сұлтанғазин, философия және саясаттану институтының директоры Әбдімәлік Нысанбаев, «Балдырған» журналының бас редакторы Тұманбай Молдағалиев, «Ақиқат» журналының редакторы Сарбас Ақтаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Төлеген Қожамқұлов, Бокс әуесқойларының бүкіләлемдік қауымдастығының вице-президенті Б.Махмұтов, Алматы энргетика және байланыс институтының профессоры К.Ахметов сынды танымал ғалымдар мен мәдениет және спорт саласы қайраткерлерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі «Парасат» орденімен марапаттауға лайық деп танылды.
ҚР көркем гимнастикадан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы-спортшы Әлия Юсупова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Перейти к новостям спорта