Тәуелсіздік күніне орай Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградалармен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күніне орай Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тәуелсіздік күніне орай Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін Мәжілісте Тәуелсіздік күні қарсаңында парламентшілерге мемлекеттік марапаттарды тапсыру салтанаты өтті.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Марапат тапсыру рәсімінде Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, Тәуелсіздік пен еліміздің барлық жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында болып отырғанын атап өтті.

Палата спикері Мемлекет басшысының егемен елдегі парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы айырықша орнына тоқталды. Бүгінде Қазақстанның көппартиялы Парламенті күллі халықтың көздегенін орындап, ел сенімін ақтап отыр сондықтан бүгін заң шығарушылықты дамытуға үлес қосып жүргендер жоғары мемлекеттік марапаттарға лайық болды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев, «Құрмет» орденімен Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова, Жексенбай Дүйсебаев, Владислав Косарев, Алдан Смайыл марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков, Құралай Қаракен, Арман Қожахметов, Светлана Романовская, Самиғолла Оразов марапатталды.

Сонымен қатар Палата Аппаратының бірқатар қызметкері Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.