Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғанда спортшылар - Азиада жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғанда спортшылар - Азиада жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды

Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғанда спортшылар - Азиада жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды

Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

  • 15 Желтоқсан 2010
  • 637
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Серік Үмбетов тәуелсіздік күні қарсаңында спортшыларды — Гуанчжоудағы 16-ыншы Азия ойындарының жеңімпаздарын ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Мәселен, Азиадада алтыннан алқа тағынған әлем рекордсмендері Светлана Подобедова мен Майя Манезеге облыс әкімі 10 мың доллардан табыс етті. Сонымен қатар, осындай сомаға грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алған Нұрмахан Тыналиев, регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшелері Ирина Радзивил, Ирина Амосова, Ирина Адлер, Олесю Теряева ие болды.

Азиаданың күміс жүлдегерлері — ауыр атлетші Зульфия Чиншанло, грек-рим стилінің палуаны Дархан Баяхметов, оқ атудан спорт шебері Расим Молоғлыға 5 мың доллардан табыс етілді.

Азиаданың қол жүлдегерлері — волейболшылар Карина Ишимцева, Людмила Анарбаева, Ольга Дробышевская, Олеся Арсланова, Марина Стороженко 3 мың доллардан сыйақы алды.

Сондай-ақ әлемдік додаларда еліміздің абыройын асқақтатқан спортшылардың жаттықтырушылары да ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера