Дәстүрлі ұлттық мерекеге жататын ҚР тәуелсіздік күні 16 және 17-қарашада атап өтіледі. Биыл ҚР үкіметінің қаулысымен демалыс күні 2003-жылғы 13-желтоқсан сенбіден 2003-жылғы 15-желтоқсан -дүйсенбі күніне ауыстырылды. Сөйтіп, еліміз тұрғындары 14,15, 16 және 17-желтоқсанда (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбіде) демалады.
Қаулыда атап көрсетілгеніндей, «еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау әрі жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында» осындай шешім қабылданып отыр.
Аталған қаулыға орай, қажетті өнім шығару, қаржылық және басқа да қызметтер көрсету, құрылыс нысандарын іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2003-жылғы 15-желтоқсанда жұмыс істеу құқығы берілген.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.