Тәуелсіздік мерекесін қазақстандықтар төрт күн бойы тойлайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік мерекесін қазақстандықтар төрт күн бойы тойлайтын болды

Тәуелсіздік мерекесін қазақстандықтар төрт күн бойы тойлайтын болды

ҚР үкіметінің қаулысымен тәуелсіздік мерекесін қазақстандықтар төрт күн бойы тойлайтын болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметінен.

  • 24 Қараша 2003
  • 785
Фото - Caravan.kz

Дәстүрлі ұлттық мерекеге жататын ҚР тәуелсіздік күні 16 және 17-қарашада атап өтіледі. Биыл ҚР үкіметінің қаулысымен демалыс күні 2003-жылғы 13-желтоқсан сенбіден 2003-жылғы 15-желтоқсан -дүйсенбі күніне ауыстырылды. Сөйтіп, еліміз тұрғындары 14,15, 16 және 17-желтоқсанда (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбіде) демалады.

Қаулыда атап көрсетілгеніндей, «еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау әрі жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында» осындай шешім қабылданып отыр.
Аталған қаулыға орай, қажетті өнім шығару, қаржылық және басқа да қызметтер көрсету, құрылыс нысандарын іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2003-жылғы 15-желтоқсанда жұмыс істеу құқығы берілген.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.

Соңғы жаңалықтар