«Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауының қорытындысы желтоқсан айында Астанада шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауының қорытындысы желтоқсан айында Астанада шығарылады

«Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауының қорытындысы желтоқсан айында Астанада шығарылады

2012 жылы 5 желтоқсанда Астана қаласындағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауының қорытындысы шығарылады.

  • 14 Қараша 2012
  • 649
Фото - Caravan.kz

2009 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін конкурстың ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

​Аталған ведомствоның мәліметінше, іс-шараның басты мақсаты — заман талабына сай жаңа қоғамдық-маңызды драмалық және музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу, отандық авторларды қолдау, республика театрлары мен концерттік ұйымдары репертуарларын бүгінгі күннің талабына сай көркемдік деңгейі жоғары жаңа туындылармен толықтыру, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Бүгінгі күні байқаудың келесі аталымдары бойынша қазылар алқасының отырысы өтті:
— жастар аудиториясына арналған ең үздік музыкалық-драмалық көлемді шығарма;
— қуыршақ театрларына арналған ең үздік драмалық шығарма;
— қазақ халық аспаптарына (қобыз, домбыра, сыбызғы) арналған кіші көлемді ең үздік шығарма (күй).

Байқауға белгіленген аталымдар шеңберінде жеке авторлардың немесе авторлық ұжымдардың бұрын-соңды орындалмаған, жарияланбаған және байқауға қатыстырылмаған шығармалары қабылданды. Мысалы, қазақ халық аспаптарына арналған үздік шығарма аталымы бойынша 12 шығарма қазылар алқасының талқылауына салынса, ең үздік балалар әні аталымы бойынша 10 шығарма сарапқа салынатын болады.

Қазылар алқасы шығармаларды жоғары көркемдік деңгейі, жанрлық ерекшеліктері, тақырыпты ашудағы өзінділігі, автордың шығармашылық даралығы және шеберлігі, шығарманың көркемдік баян етілуі критерийлері бойынша бағалады.

15 қарашада Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» ғимаратында хорға арналған ең үздік шығарма, ең үздік балалар әні номинациялары бойынша қазылар алқасының отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар