Жарияланды: 530

Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асты-Н. Назарбаев

2014 жылға дейін ел экономикасы 2 есе, ал 2020 жылға дейін 3 есе өсетін болады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Алматы облысына жұмсы сапары аясында Асы жайлауында өткен облыстың Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары малшыларының слетінде сөйлеген сөзінде осылай деді.

"Біз бірліктің, елдің ішкі-сыртқы тыныштығының арқасында тәуелсіздіктің 20 жылдығына үлкен жетістермен аяқ басып отырмыз. Дегенмен, алдымыздағы мақсат-міндеттерміз әлі аз емес. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс біткен жоқ. Алдымызда тұрған ендігі басты мақсат - индустрияландыру бағдарламасы. Бюджетке түсетін ақшаның көбі жер байлығынан түседі. Оның бәрі бір кезде бітетін нәрсе. Қазірден бастап оны пайдаланып, 2-ші экономиканы құруымыз керек", - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010 жылы 152 мекеме іске қосылды. Биыл олардың қатарына тағы 200 мекеме қосылып, 200 мың адам сол жерде жұмыс тауып отыр. Алдағы 3 жылда ел экономикасы 2 есе, ал 2020 жылға қарай 3 есе ұлғаймақ. Осыған қарай халықтың әл-аухаты да дәл осындай көлемде жоғарылайтын болады. Мемлекет жалақы мен зейнетақыны өсіруге және ауыл шаруашылығына дамытуға бөлінетін қаржының бәрін жаңадан құрылып жатқан экономиканың табысынан алып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін