Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асты-Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асты-Н. Назарбаев

Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бәрі халықтың ынтымағы мен бірлігінің арқасында жүзеге асты-Н. Назарбаев

2014 жылға дейін ел экономикасы 2 есе, ал 2020 жылға дейін 3 есе өсетін болады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Алматы облысына жұмсы сапары аясында Асы жайлауында өткен облыстың Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары малшыларының слетінде сөйлеген сөзінде осылай деді.

  • 28 Шiлде 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Біз бірліктің, елдің ішкі-сыртқы тыныштығының арқасында тәуелсіздіктің 20 жылдығына үлкен жетістермен аяқ басып отырмыз. Дегенмен, алдымыздағы мақсат-міндеттерміз әлі аз емес. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс біткен жоқ. Алдымызда тұрған ендігі басты мақсат — индустрияландыру бағдарламасы. Бюджетке түсетін ақшаның көбі жер байлығынан түседі. Оның бәрі бір кезде бітетін нәрсе. Қазірден бастап оны пайдаланып, 2-ші экономиканы құруымыз керек», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010 жылы 152 мекеме іске қосылды. Биыл олардың қатарына тағы 200 мекеме қосылып, 200 мың адам сол жерде жұмыс тауып отыр. Алдағы 3 жылда ел экономикасы 2 есе, ал 2020 жылға қарай 3 есе ұлғаймақ. Осыған қарай халықтың әл-аухаты да дәл осындай көлемде жоғарылайтын болады. Мемлекет жалақы мен зейнетақыны өсіруге және ауыл шаруашылығына дамытуға бөлінетін қаржының бәрін жаңадан құрылып жатқан экономиканың табысынан алып отыр.

Соңғы жаңалықтар