Тәуелсіздік жылдарында шетелдерден 374 мың қазақ елімізге оралды - көші-қон комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік жылдарында шетелдерден 374 мың қазақ елімізге оралды - көші-қон комитеті

Тәуелсіздік жылдарында шетелдерден 374 мың қазақ елімізге оралды - көші-қон комитеті

Тәуелсіздік жылдарында шетелдерден 374 мың қазақ елімізге оралды. Бұл туралы бүгін, 25-сәуірде парламенттегі үкімет сағатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиев жеткізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 680
Фото - Caravan.kz

Ж.Әбдиевтің айтуынша, бүгінге дейін 298 145 адам ҚР азаматтығына қабылданса, 23 335 адам құжаттарын рәсімдеу үстінде.

«Оралмандарды жұмыспен қамту проблемасында алға жылжу бар»,- деді Ж.Әбдиев. Оның айтуынша, Қазақстанда тұратын еңбек қабілеті бар 192 мың адамның 118 мыңы, немесе, 61,5 проценті жұмыспен қамтылған. 2000-жылдың басында бұл көрсеткіш небәрі 32 процент болатын, деді Ж.Әбдиев.
Комитет төрағасы осы орайда тарихи отанына оралған қазақтар «тұрмыстық және баспанаға қатысты түрлі қиындықтарға қарамастан, жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға қызығушылық танытуда» деп мәлімдеді. Оның ақпаратына сүйенсек, 23 298 оралман отбасы жеке шаруашылық құрды. Оларда 31049 бас ірі қара мал, 6848 жылқы, 78007 қой және ешкі түлігі өсіріліп жатыр. 84 оралман отбасы несие алса, 895 отбасына жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға шағын несиелер таратылды.
Көші-қон комитетінің мәліметі бойынша, қазір оралмандар арасында жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарында оқитын 5508 бала бар. Оралмандар отбасынан 160 бала дайындық курстарында оқып жатыр. 620 адам ҚР қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеуде. Оралмандар арасында 27 ғылым докторы, 192 ғылым кандидаты бар. 15981 адам жоғары білім, 2509 адам жартылай жоғары білім, 29 850 адам кәсіби орта білім игерген.

Перейти к новостям спорта