Тәуелсіздік жылдарында Теректі ауданында 43 Нұрсұлтан дүниеге келген - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік жылдарында Теректі ауданында 43 Нұрсұлтан дүниеге келген - БҚО

Тәуелсіздік жылдарында Теректі ауданында 43 Нұрсұлтан дүниеге келген - БҚО

Теректі ауданы бойынша 1991 жылдан бері қарай Нұрсұлтан есімді 43 бала дүниеге келген.

  • 28 Қараша 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Аудандық әділет басқармасының бас маманы Аян Салиховтың айтуынша, Елбасының құрметіне осындай есімді иеленген теректіліктердің ең кішкентайы 2009 жылы желтоқсан айында туған Нұрсұлтан Дәуренұлы Сабырлы деген сәби. Қазір ол аудан орталығы Федоров ауылында тұрады. Ал Аңқаты елді мекеніндегі мемлекет басшысымен аттас 2007 жылғы балғынның аты-жөні Нұрсұлтан Әбішұлы Ахметжанов екен. Тұңғыш Президенттің есімін иеленген жасөспірімдер арасында 1992 жылғы туған Нұрсұлтан Назарбайұлы Құлниязов бар. Ол қазір Төңкеріс ауылында тұрады. Жуырда әскерден оралып, шаңырақ көтергелі жатыр.

Мемлекет басшысындай дара тұлға, білімді, елдің болашағын ойлайтын азамат болсын деген ниетпен Нұрсұлтан есімін қойған перзенттерінен ата-аналары да зор үміт күтеді.