Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнота шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнота шығарылды

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнота шығарылды

ҚР Ұлтық банкі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш банкнота шығарды.

  • 8 Шiлде 2011
  • 728
Фото - Caravan.kz

Банкнотада жарыққа тосып қарағанда айқын көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұратын «самұрық» мифтік құсының бейнесі бар. Ал беткі және сырт жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді.

Сондай-ақ банкнотаның бет жағында түс ауыстыру қасиеті бар ені 6 мм қорғаныш жібі орналасқан. Сонымен қатар бет жағында металл жылтырағына тән, ені 18 мм металсыз полимерлік жолағы орналасқан.

Сырт жағын жарыққа тосып қарағанда ашық орындағы қорғаныш лентадан сурет жақсы көрінеді.

банкнота Бірі жай жарық түсіргенде, ал екіншісі жарыққа тосып қарағанда көрінетін екі жасырын бейне бар.

Бет жағында көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі — саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.

Ал Spark @ элементі банкнотаның бет жағында көгершіннің бейнесі ретінде орналастырылған, банкнотаның көлбеу бұрышын өзгерткен кезде жасыл түстен алтын түске ауысады.

Өлшемі 149х79мм. Басым түсі: көкшіл-күлгін. Бет жағындағы негізгі бейнелер — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде — «Қазақ елі» монументі. Сырт жағындағы негізгі бейнелер — ҚР Президентінің резиденциясы — Ақорда.

Соңғы жаңалықтар