Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты 2 мың 773 азаматқа рақымшылық жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты 2 мың 773 азаматқа рақымшылық жарияланады

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты 2 мың 773 азаматқа рақымшылық жарияланады

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарияланатын рақымшылық шарасымен 2 мың 773 азамат қамтылатын болады.

  • 30 Мамыр 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл мәліметті бүгін Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жариялау туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында Әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев мәлім етті.

Оның мәліметтеріне қарағанда, республика бойынша рақымшылық жарияланатын азаматтардың 3 мың 114-і қамаудан босатылады. 659 сотталған азаматтың қылмыстық жазасын өтеу мерзімі қысқарады. «Түзеу мекемелері бойынша, нақтырақ айтқанда, қатаң тәртіптегі бас бостандығынан айыру орнында жатқан 1 мың 75 сотталған қамаудан босатылады. Олардың барлығы — ер азаматтар. Жалпы режімдегі бас бостандығынан айыру орнынан 1 мың 807 адам босап шығады. Ал қоныс колонияларынан 465 адам бостандық алады. Олардың 460-ы — ер адамдар да, 5-уі — әйелдер. Ерекше қатаң тәртіптегі сотталғандар рақымшылық шарасымен қамтылмайды. Әйелдер колониясынан 168 сотталған бостандыққа шығады. Тәртіппен түзеу колониясынан 13 сотталған жауапкершіліктен босатылады. Олардың 11-і ер балалар да, қалғандары — қыздар. Түрмелерден 4 адам босатылады. Барлығы да ер балалар», — деді министрдің орынбасары.

Оның деректері бойынша, рақымшылық шарасына байланысты сондай-ақ ауруханада жатқан 160 сотталған рақымшылық шарасының шарапатын көреді. Жауапкершіліктен тағы 9 мың 958 құқық қорғау органдарының арнайы есебінде тұрған азамат босатылады. «Рақымшылық шарасын жариялау мемлекет бюджетінен қосымша қаржы бөлуді қарастырмайды», — деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар