Тәуелсіздіктің 21 жылдығында ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздіктің 21 жылдығында ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік

Тәуелсіздіктің 21 жылдығында ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік

Тәуелсіздіктің 21 жылдығында ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Бүгін Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 506
Фото - Caravan.kz

Сөз басында Елбасы барша қазақстандықтарды ең ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Бүгін біз өзіміздің елордамыздағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет кездесіп отырмыз. Осынау ғажайып мәдениет ордасы баршамызға құтты болсын», — деді салтанатты жиынды ашып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сонымен қатар, Елбасы бүгін Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарламасын дәл осы ғимаратта жариялауды жөн көргеніне тоқталды. «Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда «қазақ» деген халықтың бар жоғын әлі танып білмейтін еді», — деді Н. Назарбаев.