Жарияланды: 150

Тәуелсіздіктің арқасында өз дінімізді ұстануға мүмкіндік алдық – Назарбаев

Тәуелсіздіктің арқасында өз дінімізді ұстануға мүмкіндік алдық – Назарбаев

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Серікбай қажы Оразды Қазақстанның Бас мүфтиі қызметіне сайлануымен құттықтады.

«Мен Сізді Тәуелсіздік күні қарсаңында осы жоғары лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтау үшін шақырып отырмын. Тәуелсіздіктің арқасында біз дінімізді жаңғыртып, бабаларымыздың дінін ұстауға мүмкіндік алдық. Әр азаматта ар-ұждан бостандығы болуы үшін мемлекет тарапынан бәрі жасалды» деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев діни қатынастарды реттеуде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Министрлік дінді шектеу мақсатында құрылған жоқ. Министрліктің мақсаты дін ұстаушылар бір-бірінің құқын бұзбауын, дін саласында тәртіп болуын қадағалау» деді Президент.
Мемлекет басшысы сонымен қатар дін туралы заң жобасының негізгі ережелерін жұртшылыққа түсіндіру мақсатында бірлесе жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін