Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі

Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағындағы тауларға үш бидің есімі беріледі.

  • 10 Тамыз 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Облыстық "Бұл біздің таулар" фестивалінің аясында тауларға үш бидің есімін беру жоспарланып отыр.

Бұл тапсырма Қазақстанның үш өңіріндегі альпинистерге сеніп тапсырылды. 

"Сіздер игі іс істеуді жоспарлап отырсыздар — тауларға біздің ұлы үш биіміздің Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімдерін берейін деп жатырсыздар. Біз сіздерді Орбасы аумағынан шығарып саламыз. Ата-бабаларыңның рухы әрдайым сіздерді қолдап, жолдарыңыз жеңіл болсын", — деп батасын берді Қазыбек би мен Әйтеке бидің ұрпақтары.

Сондай-ақ, таудын басына Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының альпинистері шығатыны айтылады.


 

Соңғы жаңалықтар