"Таяққа да, талаққа да тойдым": 25 жастағы бойжеткен дінтанушы күйеуінен көрген қорлығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Таяққа да, талаққа да тойдым": 25 жастағы бойжеткен дінтанушы күйеуінен көрген қорлығын айтты

"Таяққа да, талаққа да тойдым": 25 жастағы бойжеткен дінтанушы күйеуінен көрген қорлығын айтты

Таяққа да, талаққа да тойдым деген Нұргүл Сейтмахамбет дінтанушы күйеуін кінәлап отыр. Жиырма жасымда қосылған дүмше молдам дүбәралық танытты дейді, ашынған бойжеткен.

  • 16 Қазан 2020
  • 6651
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Күйеуім көзіме шөп салып, тоқал алғысы келеді. Діндәр күйеуім маған талақ айтып үйден тайып тұрды". Иә бұл құлаққа түрпідей есітілетін сөзді 25 жастағы Нүргүл Сейтмағанбет есімді ару айтып отыр. 

Нүргүл Сейтмахамбет: "Менің ақиқатым мен тұрмыс құрғалы бес жыл болды. Сол бес жыл ішінде енем, қайын сіңілім, күйеуім ең соңында атама дейін менің намысыма тиіп,қорлап отыр. Күйеуім көзіме шөп салады, мен оны ұстап алып неге олай жасайсың деп сұрағанымда ол маған: сені үш жүз мың теңгеге сатып алғанмын, не істесемде өзім білемін деп айтты. Қазіргі таңда ол Сарығаш қаласында медресседе ұстзз болып жұмыс жасайды. Жасы 27-де."- дейді.

Жолдасының әкесі төрт әйел алған. Баласы да әке жолын қуып жатқаны ма белгісіз.  Нұргүлді әйелдікке аларда уәде беріп, ондай қадамға бармаймын деп өлердегі сөзін айтқан көрінеді. Ал қыз көнбеген соң алып қашқан Сәлімбай мырзаның қазіргі әрекетін ешкім түсінер емес. Себебі жары Нұргүлге талақты атасы арқылы айтып жіберген. 

"Босағаны аттаған күні-ақ, мен бір нәрсе сезгенмін, бірақ тағдырым шығар,қайтып кетсем жұртқа мазақ болармын. Бәрі реттелер дедім. Арадан бес жыл өтті, екі перзент дүниеге алып келдім. Жүріс көбеймесе азайған жоқ. енем мен қайын сіңілімнің маған жасамаған иттігі жоқ. Жүкті кезімде енем тіпті маған пышақ тіреген, кетем десең өлтіремін деп. Күйеуім үйде аз уақыт болатын, кейіннен білдім басқа әйелдерінің үйінде жүреді екен." —
 деп ашынды Нұргүл Сейтмахамбет.

Желідегі оқырмандар: "Ұстаз атағын мына сілімтікке кім беріп жүр?","Қайта қуан осындай жауыз отбасынан құтылғаныңа", "әдемі қызсың әлі өз теңің табылар","Алла сақтасын молдалардың атына кір келтірді-ау оңбаған"- деген пікірлер жазуда.

 

Соңғы жаңалықтар