Таяу уақыттарда Ақтау теңіз айлағынан 500 мың тоннаға дейін астық жөнелтуге болады - ҚР ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяу уақыттарда Ақтау теңіз айлағынан 500 мың тоннаға дейін астық жөнелтуге болады - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Таяу уақыттарда Ақтау теңіз айлағынан 500 мың тоннаға дейін астық жөнелтуге болады - ҚР ауылшаруашылығы министрі

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Таяу уақыттарда Ақтау теңіз айлағынан 500 мың тоннаға дейін астық жөнелтуге болады. Бұл туралы бүгін Астанада агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөз сөйлеген еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов құлағдар етті, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Наурыз 2007
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Биыл Ақтау теңіз айлағындағы астық терминалын жаңалау жобасы аяқталады. Жуырда Бакуде салынған жаңа астық терминалын және онда диірмен кешені салынатынын ескергенде келешекте Ақтау теңіз айлағынан 500 мың тоннаға дейін астық жөнелту мүмкіндігі пайда болады»,- деді министр. Министрдің пікірінше, «бұдан әрі Поти арқылы Қара теңізге шығу межеленген. Поти айлағында да астық терминалын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Амирабад арқылы орта және таяу шығыс нарығына тұрақты шығу ойда бар. Бұның бәрі Ақтау теңіз айлағы арқылы 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға мүмкіндік береді»,- деді министр.

А.Есімовтың пайымдауынша, «келешекте Ресеймен арада темір жол тарифтері шешілген жағдайда Қазақстандағы жеке капиталдың үлесімен салынған Балтық теңізіндегі Вентспилс айлағын да іске қосуға болады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті