Таяу уақыттарда эколог мамандар Маңғыстау облысында жүзеге асырылған жер астындағы ядролық жарылыстар орнындағы радиациялық ахуалға баға береді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяу уақыттарда эколог мамандар Маңғыстау облысында жүзеге асырылған жер астындағы ядролық жарылыстар орнындағы радиациялық ахуалға баға береді

Таяу уақыттарда эколог мамандар Маңғыстау облысында жүзеге асырылған жер астындағы ядролық жарылыстар орнындағы радиациялық ахуалға баға береді

Таяу уақыттарда эколог мамандар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Мүлкаман, Ақтоқты және Кіндікті елді мекендерінде 70-ші жылдары жүзеге асырылған жер астындағы ядролық жарылыстардың қоршаған ортаға әсерін бағалау қорытындысын жария етеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық табиғат қорғау басқармасынан хабарлады.

  • 9 Қараша 2004
  • 646
Фото - Caravan.kz

7 млн. теңгеге облыстағы радиациялық ахуалды бағалау жөніндегі келісім-шартына радиациялық қауіпсіздік және экология институтымен арада 2004-жылдың наурыз айында қол қойылған.

Басқармадағылардың түсініктемесіне сәйкес, жер астында жарылыстар жасалған жерлерде қазаншұңқырлар пайда болып, оларда су жинала бастауына байланысты осындай зерттеулер жүргізу қажеттігі туындаған. Соның нәтижесінде бұл жерлерде жақсы шабындық пішен шығып, сол маңдағы тұрғындар сәуір-қараша айлары аралығында мал жая бастады.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері судың 3, топырақтың 73, өсімдіктердің 10 сынамасын алып, 85 жерде радиациялық көрсеткіштердің 334 өлшемі алынып, тұрғын үйлерде радонның белсенділігін паш ететін 3 өлшем алынды. Зерттеулер нәтижесі бойынша 1-Т ұңғысының маңында диаметрі 30 метрді құрайтын аумақта радиоактивті ластану анықталса, 6-Т ұңғысының бетон қақпағы ластанған болып шықты. Эквивалентті доза қуаты тиісінше 2 және 5 есе артқан.
Табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлағанындай, қоршаған ортаның ластану деңгейінің ақырғы қорытындылары бұған дейін алынған сынамалар зертханалық талдаудан өткеннен кейін белгілі болады.

Перейти к новостям спорта