Таяу уақыттарда екінші деңгейлі банктерге қойылатын резервтік талаптардың мөлшері ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяу уақыттарда екінші деңгейлі банктерге қойылатын резервтік талаптардың мөлшері ұлғайтылады

Таяу уақыттарда екінші деңгейлі банктерге қойылатын резервтік талаптардың мөлшері ұлғайтылады

"Шетелдерден алынатын несиелердің көлемін шектеу үшін таяу уақыттарда екінші деңгейлі банктерге қойылатын резервтік талаптардың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған бірқатар шаралар алынады". Бұл туралы бүгін, 30-мамырда "ҚР Ұлттық қорындағы қаржыны жинақтау және пайдаланудың орта мерзімді тұжырымдамасы" тақырыбы бойынша өткен үкіметтік сағат барысында ҚР қаржы министрі Арман Дунаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Мамыр 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, мұндай шараны қолдануға Қазақстан экономикасына құйылатын валюта ағынының барған сайын арту ағымы түрткі болып отыр. «Үкімет осындай ахуалға алаңдаушылық білдіріп, доллар тасқынын елімізден тысқары шығаруға шаралар қолдану үшін талпыныстар жасап жатыр»,- деді А.Дунаев.

Ол сонымен бірге Қазақстан экономикасынан басы артық валютаны шығару бағытында үкімет қолданып жатқан шараларға қарамастан, нәтижесі мардымсыз екенін мәлімдеді. Өйткені, екінші деңгейлі банктер дәл осыншама көлемдегі шетел валютасын несиеге сырттан әкелу арқылы отқа майды құя түсуде. «Бұл жерде кейбір қарама-қайшылықтың бар екені рас»,- дейді министр.
Алайда А.Дунаев жаңаша резервтік талаптарға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат пен оның енгізілу мерзімі туралы ештеңе айтпады.

Перейти к новостям спорта