Таяу уақыттарда еліміздің бес университеті халықаралық аккердитациялық агенттіктерде аккредитациядан өтуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяу уақыттарда еліміздің бес университеті халықаралық аккердитациялық агенттіктерде аккредитациядан өтуді жоспарлап отыр

Таяу уақыттарда еліміздің бес университеті халықаралық аккердитациялық агенттіктерде аккредитациядан өтуді жоспарлап отыр

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Таяу уақыттарда еліміздің бес университеті халықаралық аккердитациялық агенттіктерде аккредитациядан өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 680
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяу күндері бес ұлттық университет — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әрқайсысы екі бағдарлама бойынша аккредитациядан өтуді жоспарлап отыр.

Бүгінде елімізде халықаралық агенттіктерден акрредитациядан өткен ЖОО бар. Мәселен, 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы ЮНЕСКО-МСА агенттігінде «Сәулет» мамандығы бойынша халықаралық аккредитациядан табысты өтті. Биыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «ASIIN» (ГФР) аккредиттеу агенттігінде 7 білім беру бағдарламасы бойынша аккредитацияланады.

Аккредитациялау мәселелері жаңадан қабылданған «ҚР Білім туралы» заңында көрініс тапты. Онда беделді халықаралық агенттіктерден аккредиттеуден өткен ЖОО-ның құқықтары жазылған. Сондықтан аккредиттеу процедурасы мемлекеттік бақылаудан алынып, бәсекеге қабілетті ортаға беріледі. Мұндағы мемлекеттің қызметі білім сапасын қамтамасыз етудің жалпы саясатын белгілеумен, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен және аккредитация өткізудің процедураларын ұйымдастырумен шектеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар