Саясаттанушының пікірінше, көп кешікпей-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен «басқалардың жаппай санасуына тура келеді». Д.Сәтпаевтың пікірінше, ұйым үшін тағы бір аймақтық құрылым — Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымымен арадағы ықпалдастықты күшейтуі тиімді. Оған себеп, бұл ұйыға мүше елдердің басым көпшілігі Шанхай ынтымақтастық ұйымына да мүше. Сондай-ақ, сарапшының пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы қарым-қатынас жуырда «мейлінше бәсекелі» сипатқа көшеді.
Сарапшының пікірінше, Орталық Азия аймағының елдері түрлі қауіпсіздік институттарына бірігу арқылы нақты екі нәрсені, атап айтсақ, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазіргі билікті сақтап қалу мақсатын көздеп отыр. Бұл ретте аймақтағы барлық мемлекеттер «қашықтағы әріптестік» саясатын пайдалануды артық санайды. Аймақтағы әрбір ел «ұйымға мүше болудан белгілі мөлшерде саяси және экономикалық дивиденд табуға талпынуда». «Посткеңестік кеңістіктегі барлық интеграциялық құрылымдарға мүшелікке өтіп, көп векторлы саясат ұстанып отырған Қазақстан бұған нақты дәлел»,- деді ол. Бұл орайда Орталық Азия республикалары «жеке мемлекеттер арасындағы емес, жекелеген аймақтық ұйымдар арасындағы бәсекелестікке арқа сүйемек». Оған себеп, бұл ұйымдардың тасасынан басты геосаяси ойыншылардың, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының тасасынан Қытайдың, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының артынан Ресейдің, Солтүстік Атлантикалық альянстың тасасынан АҚШ-тың бейнесі көрініс беріп тұр, деді сарапшы.