Бұл жайында Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Біздің азаматтарымыздың уақытша ұстау абақтысындағы жалпы жағдайымен танысу мақсатында қазақстандық Елшілік өкілінің біздің азаматтармен кездесуі өткізілді. Қазіргі кезде дипломатиялық арналар бойынша біздің отандастарымызды босату мүмкіндігі жөнінде белсенді жұмыс атқарылуда»,-деді ресми өкіл.
Оның сөзінше, жақын арада түркімен тарапының сот шешімі шығады деп күтілуде.
«Қазақстан азаматтарын босату мәселесі біздің елдеріміз арасында орнаған тату көршілес қарым-қатынас рухында оңынан шешіледі деп үміттенеміз»,-деді А. Әбибуллаев.
Осыған дейін хабарланғандай, 19 қазанда Түркіменстан Шекара қызметі Қазақстанның 7 азаматын аталған елдің шекарасын заңсыз өткені үшін ұстаған болатын.